Бас жаңалықтар
Павлодарда «102» пультіне күн сайын 500-ге дейін хабарлама түседі
27 Қаңтар 2019, 18:31 589

Павлодарда «102» пультіне күн сайын 500-ге дейін хабарлама түседі

Астана, BAQ.KZ. Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы барлық хабарламалар мен шақыртулар операторлардың «102» пультіне келіп түседі. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.


«Операторлар күн сайын 300-ден 500-ге дейін хабарлама қабылдайды. 2018 жылдың ішінде 105 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету үшін 117 бейнебақылау камерасы қала көшелерінде орнатылған. Олардың көмегімен ЖБО бейнебақылау инспекторлары жедел жағдайға бақылау жасап, құқыққа қайшы әрекеттерге уақытында ықпал етеді», - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Келіп түскен ақпаратты КҚБТ (күштер мен құралдарды басқару тобы) аға инспекторы қадағалап, оқиға орнына полицияның кешенді күштері нарядтарын, қажет болған жағдайда қосымша күштерді, сондай-ақ төтенше көмек қызметтері (ТЖҚ, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, әкімдік қызметтері) жібереді. 
Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің арқасында жыл басынан бастап 149 қылмыс ашылған. 20 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық және 6 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды. Қоғамдық және жол қозғалысын қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Павлодар қаласы ПБ ЖБО бейнебақылау кезекшісі-инспекторы полиция капитаны Құралай Мұғадилованың әрекет етуімен 2018 жылы 30 қылмыс, 3189 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1366 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды. 

ЖБО бейнебақылау кезекшісі-инспекторы полиция капитаны Айгүл Сағитова 2018 жылы 29 қылмысты ашып, 3375 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 1126-сы жол қозғалысы ережесін бұзу. 

Полиция департаментінің бастығы инспекторларға бағалы сыйлықтар мен қол сағаттарын табыстай отырып, қызметтері үшін алғыс білдірді және алда қызметтік міндеттерін адал атқаруды сеніммен тапсырды.

Сізден жаңалық