Павлодар жыл мұғалімін анықтауда

16 Қаңтар 2021, 19:40
1200
Бөлісу:
Павлодар жыл мұғалімін анықтауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылғы  8 қаңтар - 14 қаңтар аралығында «Жыл мұғалімі – 2021» қалалық байқаудың I туры өткізілд, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қалалық байқауға қатысуға 32 мұғалім өтініш білдірді. Оның ішінде: химия пәнінен - 2, бастауыш сыныптар - 6, ағылшын тілі - 3, тарих - 3, қазақ тілі - 3, математика - 2, дене тәрбиесі - 1, информатика - 2, биология - 3, өзін – өзі тану – 2, физика - 2, орыс тілі мен әдебиеті – 3.  Бірінші  турдың қорытындысы бойынша барлық 32 қатысушы ZOOM платформасы арқылы «Педагогикалық тәжірибе панорамасы» қалалық байқауының II турына (Pitch – презентация - 3 минут) ағымдағы жылдың 18, 19 қаңтарында қатысады, - дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Бұл кезеңде педагогтер өз тәжірибесін мынадай критерийлерге сәйкес ұсынуы қажет: ұсынылған тәжірибенің өзектілігі, жаңалығы, өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды талдау, жинақтау, анықтау және қолдана білу, шығармашылық және зерттеушілік көзқарас, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жоғары нәтижелілігі, білім алушыларды дамыту, тілдік және пәндік сауаттылық, педагогикалық тәжірибенің репрезентативтілігі.

2021 жылдың 25-27 қаңтарындағы «Бейнесабақтардың» финалдық турында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи қашықтықтан білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша бейімделген тәжірибелерімен бөліседі.

Өзгелердің жаңалығы