Бас жаңалықтар
Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған
04 Тамыз 2021, 19:38 893

Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Павлодар облысы тұрғынының қаруды заңсыз жасағанын анықтады.

Ер адамның айтуы бойынша, ол өз үйінде «ИЖ-18» 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын қолдан жасаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 288-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.  

Осындай жағдайларға байланысты полицейлер облыс тұрғындарының қаруды заңсыз жасауға немесе сақтауға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын есіне салады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...