Павлодар облысының тұрғындары теміржол өткелін салуды сұрайды
PHOTO
11 Мамыр, 19:15 559

Павлодар облысының тұрғындары теміржол өткелін салуды сұрайды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қалысының жанындағы Ленин кентіндегі теміржол станциясындағы өткелдің жылы бітер емес. Тұрғындар ауылдың қақ ортасымен жүретін теміржолды тура кесіп өтуге мәжбүр.

Қазіргі уақытта Жолқұдық станциясында алты жол бар. Пандемия басталғалы бері жүк пойыздары жиі тұрып қалады. Бүгінде жарты жыл бұрын келген астық пойыздары тұралап қалған. Тұрғындар ауылдың екінші бөлігіне өту үшін вагондардың ортасымен жүруге мәжбүр.

Теміржолдың үстімен жүру үйреншікті іске айналды. Асыққанда вагондардың арасымен жүре береміз. Балалар да солай жүре береді. Біз, енді, бұның қауіпті екенін білеміз. Кейбіреулеріміз бейхабар болуымыз мүмкін. Айыппұл салынып, ескерту алуымыз да мүмкін, - дейді тұрғындар. 

Тасымалдаушы ұйым мен жергілікті әкімдік бұл мәселеден хабардар. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, теміржол заңнамасы бойынша қауіпті учаскелерде тоннель, көпір немесе өткел болуы шарт. Бірақ, жағдай өзгерер емес.

Жолқұдық станциясында осындай инфрақұрылым жоқ. Біз жүк тасымалы, жүк айналымына ғана жауаптымыз. Ал өткен, көпір құрылысын жүргізе алмаймыз. Әрине, мәселені шешу мақсатында ресми хаттар, өтініштер жолдадық. Жергілікті атқарушы органдарға хаттар жаздық. Теміржол – аса қауіпті учаске. Ол жерде бөтен адамдардың болуына тыйым салынған,  - дейді Қазақстан теміржолы Павлодар бөлімі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бейбіт Төреханов. 

Қауіпсіздік қызметі мамандарының хабарлауынша, теміржолдың үстінен бөлек, пойыз, вагондардың үстіне шығуға болмайды. Себебі, электр желілерінің қуаты аса қатты. Теміржол жүруге болмайтын аумақ болумен қатар, жастардың «керемет» селфи жасауға жиі баратын орнына айналып үлгерген. Тоққа түсу деректері жыл сайын қайталанып келеді. 

Электр желілерінің кернеулігі 27 мың 500 вольтқа жетеді. Яғни, үйдегі тоқтан 125  есеге артық. Оған екі метрлік қашықтыққа жақындауға болмайды. Ал электр сымдарының доғасына жақындау аса қауіпті. Мәселен, жуырда вагон үстіне мінген қыз бала тоққа түсті. Түрлі электр жарақаттарын алып, ауруханада жатыр. Ол электр сымдарын ұстамаған, оларға жақындаған да жоқ. Бірақ, қуатты доға тоғына түсті. Оның бар-жоғын анықтау мүмкін емес. Көзге көрінбейді және иісі жоқ. Кем дегенде 800 сантиметрге де жақындауға болмайды, - дейді қауіпсіздік қызметінің аға инженері Нұрболат Шүкірбаев.

Павлодар станциясындағы желілік полиция қызметі өкілдерінің айтуынша, облыста қауіпті учаскелер баршылық. Өткен жылы Чесемушка ауылындағы станцияда көпір құрылысы басталған.  Өткен жыжылы дәл осындай қауіпті жерлерде төрт жасөспірім тоққа түскен. Олардың екеуі тілге келместен көз жұмды. Тағы екеуі ауруханаға түсті. Жағдай шешілмейінші, қауғылы оқиғалар тіркеле беруі әбден мүмкін. 


Фото: автордан
Загрузка...