Павлодар облысының тұрақтандыру қорында азық жеткілікті

25 Наурыз 2020, 14:58
1382
Бөлісу:
Павлодар облысының тұрақтандыру қорында азық жеткілікті

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындарына азық-түлік қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ. Себебі бүгінгі таңда жергілікті тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңыздағы тамақ өнімдері жеткілікті.

Облыс әкімдігі мамандарының хабарлауынша, қазіргі таңда өңірдегі тұрақтандыру қорында 1,4 мың тонна азық-түлік бар. Алдағы уақытта 754 млн теңге бөлініп, 4,7 мың тонна өнім сатып алынбақ.

Қазіргі уақытта қорда 14,8 мың тонна жұмыртқа, 195 тонна картоп, 75 тонна сәбіз, 63,5 тонна пияз, 750 тонна бірінші сұрыптағы ұн, 3,3 мың тонна күнбағыс майы, 41 тонна күріш, сонымен қатар 208 тонна қант бар. Қажет болған кезде азық-түлік ірі сауда нүктелері мен әлеуметтік дүкендер арқылы сатыла бастайды, - дейді мамандар. 

Азық-түлік нарығындағы баға мәселесі де жіті назарда. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері 18 мониторингтік топтың жұмысы басталды.

Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Әбдірахмановтың айтуынша, азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар тұрақты өткізілуде.

Бүгінде әлеуметтік маңыздағы азық-түліктің 19 түрі халыққа қолжетімді. Қоймаларда сақталып тұрған өнім ішкі нарықты толығымен қамтуға жетеді. қазіргі уақытта облыста 30-дан астам әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Сауда-саттыққа еш кедергі жоқ, - дейді Нұрлыбек Әбдірахманов.


Өзгелердің жаңалығы