Павлодар облысының колледж студенттері оқ атудан жарысты

27 Қараша 2021, 18:15
556
Бөлісу:
Павлодар облысының колледж студенттері оқ атудан жарысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-облыстық спартакиадасының бағдарламасында колледждер арасында «Оқ атудан» жарысы өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының өкілдері хабарлағандай, Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша  ұлдар арасында Павлодар монтаждау колледжі бірінші орынды иемденді. Екінші орында Павлодар техникалық сервис колледжі болса, үшінші орынға Павлодар техникалық-экономикалық колледжі жайғасты.

Қыздар арасында Павлодар технологиялық колледжі мергендік танытты. Одан кейінгі орындарды монтаждау және техникалық-экономикалық колледж студенттері иемденді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының  кубоктарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. 

Жеңімпаз команда 2022 жылы республикалық жарыста облысымыздың намысын қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы