Бас жаңалықтар
Павлодар облысының тұрғындары емханаға онлайн тіркелуде
19 Қыркүйек 2019, 09:33 251

Павлодар облысының тұрғындары емханаға онлайн тіркелуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Емханаға тіркеу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады. Биылғы жылы емханаға тіркелу онлайн тәртіпте, eGov электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. ХҚКО кеңесшілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркелуге көмектеседі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, емханаларға тіркеу процесін автоматтандыру бұл бағыттағы жұмыстардың қаупін сейілтеді. Өйткені бұған дейін емханаға тіркеу өтініштерін қолдау жасау фактілері жиі тіркелетін. Жаңа жүйе мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған. Атап өтерлігі, денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдау қағидаты азамат тіркелген бір ғана әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жұмыс істейді. Бұл дегеніміз республикалық және облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар.

"Бұрын емханаларды еркін таңдау аумақтық бірлікпен шектелмейтін. Алайда үйде қызмет көрсету іс жүзінде бірқатар қиындықтар туғызды. Тіркелген мекенжайы бойынша тұрмайтын адамдарға үйге келіп қызмет көрсету қиын еді. Оның ішінде жүкті әйелдер мен жаңа туғандарға тиімсіз болатын. Осы орайда нормативті базаға аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде түзетулер енгізілді. Енді қаланың бір ауданында орналасқан бірнеше емхананың тек біреуін ғана таңдау керек", - дейді Айдар Ситказинов.

Филиал директорының айтуынша, емханаларға тіркеу барысында отбасылық қызмет көрсету қағидатына басымдық беріледі. Яғни, емхананың бір үйдің адамдарына толықтай қызмет көрсетуіне көңіл бөлінеді. 18 жасқа толмаған балаларды олардың заңды өкілдері тіркей алады. Оған қоса, учаскелердегі дәрігерлердің жүктемесін азайту келушілерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттырады. Дәрігер қабылдауға келген адамға жеткілікті түрде көңіл бөлуге тиіс. Бұл ретте, қор медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға барынша жағдай жасайтын болады. Өйткені бұл әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қарсаңындағы маңызды мәселе болып саналады.

Тұрғындар емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдап, үйіне, жұмыс орнына жақын немесе өзіне қолайлы деп тапқан мекемеге тіркеле алады. Оған қоса, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отыр. Ол бойынша 1 жалпы тәжірибелік дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бір дәрігер 2000-нан аса адамға қызмет көрсететін. Халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан.

"Қазіргі таңда Павлодар облысында жоспарланған 69 учаскенің орнына 41 учаске ашылды. Сонымен учаскелердің жалпы саны 369-ға жетті. Орташа алғанда 1 жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесіне тіркелген халық саны 1623 адамды құрайды. Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға келетін болсақ, олар емханаларға кедергісіз тіркеле алады. Атап өтерлігі, кампания кезіндегі тіркеуге тұру емхана таңдауға арналған жалғыз ғана жол емес. Егер тұрғылықты жері бір айдан аса уақытқа өзгеретін болса, жыл соңына дейін емхананы өзгертуге болады. Сондай-ақ емханада қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, қордың жеткізушілері қатарынан шығып қалса, емхана таңдауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, еліміздің әрбір тұрғынына жылына бір рет тұратын аумағы аясында тіркелетін медициналық ұйымды өзгертіп тұруға құқыға бар", - делінген таратылған ақпартта.


Фото: дереккөз
Загрузка...