Павлодар облысының көлік иелері 119 миллион теңгеге VIP-нөмірлер сатып алды

5 Ақпан 2019, 16:12
2241
Бөлісу:
Павлодар облысының көлік иелері 119 миллион теңгеге VIP-нөмірлер сатып алды

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың ішінде Павлодар облысының тұрғындарымен 119 млн теңгеден астам сомаға 383 жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі сатып алынған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Өңірдің әуесқой автомобильшілері арасында ең танымал мемлекеттік тіркеу нөмірі – 070 болып отыр. Облыс жолдарында ондай нөмірмен 63 көлік (57 АЕК) жүреді. Өте танымал мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі - 707. Біздің өңірде 50 облыс тұрғыны осындай нөмірдің иесі болып табылады (50 АЕК). Бұған қоса, 47 адам мемлекеттік 077 (57 АЕК) тіркеу нөмір белгісін сатып алған», - деді баспасөз қызметінде.

2019 жылдың қаңтар айында 20 автокөлік иесі жалпы сомасы 4 млн теңгеге жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін сатып алған.

Өзгелердің жаңалығы