Павлодар облысының футбол басшылығы ауысты

22 Мамыр 2019, 12:53
1642
Бөлісу:
Павлодар облысының футбол басшылығы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ойрат Садуов Павлодар облысы футбол федерациясының жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы Ertis ФК баспасөз қызметі мәлімдеді

«Клубымыздың баспасөз орталығында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек клубтың жаңа директоры мен өңірлік футбол федерациясының басшысын таныстырды. Бұған дейін директор болған Ардақ Торсықбаев басқа қызметке ауысуына байланысты міндетінен босатылды», - деді баспасөз қызметінде.

Ertis ФК директоры болып Серік Омарханов бекітілді. Сонымен қатар, Ұлан Жазылбек облыстық футбол федерациясының президенті болып Ойрат Садуов тағайындалғанын атап өтті.

Айта кетейік, Ойрат Садуов «Ertis» ФК-ны 2008-2009, 2014, 2018 жылдары жаттықтырған. Бапкер ретінде 2008 жылғы маусымда қола медальге қол жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы