Бас жаңалықтар
Павлодар облысында жолдағы апаттар азайды
15 Мамыр 2021, 12:08 2222

Павлодар облысында жолдағы апаттар азайды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жолдағы апатты жағдайлар азайды. Сала мамандарының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың төрт айында жол-көлік оқиғалары 4,6%-ға азайған.

Былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңінде 131 апат тіркелді. Осы жылы тас жолдың бойындағы апаттардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны, сонымен қатар зардап шеккен балалар саны да азайған.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтың айтуынша, жүргізушілер көбінесе жылдамдық режимін, жол қозғалысының қарапайын ережелерін сақтамай, қозғалыс барысында жүргіншілерге құрметпен қарамайды. Бұл - негізгі заңбұзушылықтар.

Осыған байланысты аймақта жол қауіпсіздігі саласындағы заңбұзушылықтар салдарынан 39 мыңнан астам жүргізушіге әкімшілік айыппұлдар салынды. Ал 2020 жылы ережені елемеген 18 мыңнан астам павлодарлық жауапкершілікке тартылған. Бас-аяғы 364 миллион теңгенің айыппұлы салынды. Бүгінде айыппұлдардың 73%-ы өтелген, - дейді Нұрлан Мәсімов.

Облыста мас күйінде көлік тізгіндегендердің саны да азаймай тұр. Жыл басынан бері 300-ден астам жүргізуші машина жүргізу құқығынан айырылды.

 Айта кетейік, аймақта жолдағы қауіпсіздікті бақылау күшейтілді. Бүгінде облыс орталығында күн сайын ондаған патрульдік топ көшеге шығады. Сонымен қатар алдағы уақытта Павлодардың көшелері мен ғимараттарына бес мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылмақ. Бұл заңбұзушылықтардың азаюна сеп болмақ.

 




Фото: дереккөз
Загрузка...