Павлодар облысында жаңа суару жобалары жүзеге асырылуда

12 Мамыр 2022, 07:33
1080
Бөлісу:
Павлодар облысында жаңа суару жобалары жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт жоба «Қазсушар» РМК арқылы өтеді. Егістікке су беруді қамтамасыз ету үшін оларға инженерлік инфрақұрылым тартылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жұмыс өткен жылы басталды. Бұл - Ақтоғай ауданындағы «Жангобек» ЖШС-де бір мыңға жуық га, Май ауданындағы екі жоба - 1200 га «Май Агро-М» ЖШС-де және 4,5 мың га "MY Feedlot" ЖШС-де.  Ең ірі жоба - Павлодар ауданындағы 10 мың га «Ертіс-Успен» каналы, - деді Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында. 

Жалпы ауданы 16,7 мың га болатын барлық төрт жобаны осы жылы пайдалануға беру жоспарлануда, ал жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы құрылымдарында өздерінің суармалы учаскелері оларды мақсатына қарай пайдалана алады.

Сонымен қатар, аграршылар өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 16,8 мың га суармалы учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 17 жоба әзірледі.

Соның бірі - Май ауданындағы «Агро фирма «Ақжар Өндіріс» ЖШС  қаржыландыру республикалық бюджеттік комиссиямен мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы