Павлодар облысында 30 шақырым жол учаскесі пайдалануға берілді

2 Қыркүйек 2021, 15:52
1273
Бөлісу:
Павлодар облысында 30 шақырым жол учаскесі пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында «Ленин – Ақсу-Көктөбе – Үлкен Ақжар-Курчатов қаласы» жол учаскесі пайдалануға берілді.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Жолшылар жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын «Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы» автомобиль жолының 165-195 шақырымындағы учаскесін мерзімінен бұрын пайдалануға берді.   

Жұмыстарды «Павлодаржолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы «Жол-Консалтинг» ЖШС техникалық қадағалауымен орындады. Жобаның авторы –«Юпитер» ЖШС.    

Жол III техникалық санатқа жатады, жөндеу аясында жол жабындысы мен жер төсемі толық қалпына келтірілді. Учаскедегі қозғалыс қарқындылығы әлеуетінің ұлғаюын ескере отырып, мамандар заманауи материалдарды қолданды. Бұл жолды пайдаланудың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.        

Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін 200 жол белгісі мен панно, 2000 метрден астам тосқауыл қоршаулары, 1500 дабыл бағанасы, сондай-ақ, көлденең жол белгілері орнатылып, жасанды құрылыстар орналастырылды.  Халыққа жайлылы жағдай жасау үшін күрделі типтегі санитарлық блоктары бар 5 автопавильон салынды. Бұдан бөлек Май ауылының жанында тротуарлар салынып, қысқа мерзімді демалыс алаңдары тұрғызылды.

Өзгелердің жаңалығы