Павлодар облысында «Ұлағатты ұстазым» акциясы басталды

12 Қыркүйек 2019, 14:27
1831
Бөлісу:
Павлодар облысында «Ұлағатты ұстазым» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, 10 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Ұстаздар күніне арнап «Ұлағатты ұстазым» акциясы өтетін болады.

"Акцияға қатысу үшін #меніңұстазымпавлодар немесе #мойучительпавлодар хэштегімен Facebook, ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілерінде оқушылар, мектеп түлектері сонымен қатар ата-аналар да мерекеге арналған тілектері бар бейнероликтер және суреттер жариялау қажет", - делінеді хабарламада.

Бұл акция осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатыр. Өткен жылы оқушылар, ата-аналар мен мектеп түлектерінің белсенділігі арқасында 1000-нан аса жарияланымдар жарық көрді.
Өзгелердің жаңалығы