Бас жаңалықтар
Павлодар облысында ҰБТ-ға түлектердің 81,5% қатысады
18 Маусым 2019, 10:20 237

Павлодар облысында ҰБТ-ға түлектердің 81,5% қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, 20-27 маусым күндері - ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері үшін, 28 маусымнан 5 шілдеге дейін – өткен жылдардағы білім беру ұйымдарының түлектері, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, шетелде халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша оқыған түлектер үшін, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ өткізіледі.

"Қазіргі уақытта 20-27 маусым аралығында ҰБТ-ға 2927 түлек немесе 2019 жылғы мектеп түлектерінің жалпы санының 81,5% (2018 жылы – 69,5%) қатысу жоспарлануда, - дейді басқармада.

Тестілеу ҰБТ-ның 10 пунктінде, 3 қалада (Павлодар қаласы – 3, Ақсу қаласы – 1, Екібастұз қаласы – 1) және 5 ауданда (Ақтоғай ауылы - 1, Баянауыл ауылы - 1, Ертіс ауылы - 1, Железинка ауылы - 1, Тереңкөл ауылы - 1) өткізіледі.

Қорытынды аттестаттауға жалпы орта білім беретін мектептің 3491 түлегі қатысты. Тестілеу нәтижелері бойынша «Алтын белгі» белгісін алған түлектер саны - 157 (2018 жылы – 208), Үздік аттестат алған түлектер саны – 126 (2018 жылы – 107).



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық