Павлодар облысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 млрд 484 млн теңге игерілді

16 Қыркүйек 2019, 20:11
1638
Бөлісу:
Павлодар облысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 млрд 484 млн теңге игерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның ішінде білім беру саласына – 390 млн теңге, ТҮКШ саласында 890 млн теңге және көлік саласына 203,5 млн теңге бағытталған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Азатбеков денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың жеке қаржысы есебінен жүргізілетінін айтты.

«Өңірде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Биыл цифрландыру саласында орталық құзырлы орган ҚР-ның «Ақылды қалалары» стандартын бекітті. Бұл құжат «Ақылды қалаларды» 11 бағыт бойынша қамтиды», - дейді Кенжебек Азатбеков.

Спикердің айтуынша, қолданыстағы басым бағыттардың қатарына экология, туризм, құрылыс, инклюзивті қоғамдағы өмір, қаланы басқару және ауыл шаруашылығын жүргізу бағыттары қосылған.

Аймақта цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, көлік және қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізілуде.

2018 жылы әр бағытқа Жол карталары бекітіліп, жауапты салалық басқармалар, қала және аудан әкімдіктері таңдалған. Жобаларды енгізуден жалпы экономикалық тиімділік 618 млн теңгені құраған. Бұл сомадан 548 млн теңге денсаулық сақтау саласына, 28 млн теңге білім беру саласына және 42 млн теңгесі ТҮКШ саласына тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы