Павлодар облысында тазалық марафоны жалғасын табуда

17 Сәуір 2021, 11:03
1659
Бөлісу:
Павлодар облысында тазалық марафоны жалғасын табуда

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында санитарлық тазалық және абаттандырудың айлығы жалғасын табуда.

Көктемгі тазалықтың алғашқы күні шамамен жеті мың тұрғын мен 300 ұйым өкілі сенбілікке шықты. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, тазалық күні арнайы техниканың 167 бірлігі тартылып, 700 тоннадан астам қоқыс сыртқа шығарылды. 

Айлық басталғалы аймақтан 10 мыңға жуық тұрмыстық қалдық шығарылған. Әр апта сайын сенбілікке қатысқысы келетін адамдардың саны артып келеді. Бүгінде 25 мыңнан астам тұрғын қолдарына құрал алып, айналасын тазалаған. 

Үш күн бұрын мың тоннадан астам қоқыс жиналып қалды. Жалпы сенбілікке 1200 қала-аудан тұрғыны қатысып, атсалысты. Облыс орталығындағы пәтер иелерінің кооперативтері де тазалық айлығынына белсенді қатысуда. Қызмет көрсетуші ұйым жұмыскерлері Усолка шағын ауданының аумағынан 20 қап қоқыс жинап алды. Қалдықтарды полигондарға жеткізуге әкімдік техникасын ұсынды. Біз жалпыхалықтық акцияға қатысуды ниет еткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Әр сенбілікке келушілер қатары артады деген сенімдеміз. Қоршаған ортамызды қоқыстан тазартуымыз керек, - дейді сала өкілдері. 

  Айта кетейік, тазалық марафоны төрт күн бұрын басталды.


Өзгелердің жаңалығы