Павлодар облысында суырмалы егістік алқаптары 90 мың гектарға жуықтады

17 Маусым 2019, 16:11
3159
Бөлісу:
Павлодар облысында суырмалы егістік алқаптары 90 мың гектарға жуықтады
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде суармалы егіншілік қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы агроөнеркәсіп саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде суармалы егіншілік жерлері 90 мың гектарға жетті.

Сурамалы егіншілікке Ертіс өзенін бойлаған аудандарда қарқын алған. Еліміздегі ең ірі су артериясының игілігін көргендердердің қатарында Ертіс ауданының дихандары бар. 

Биылғы жылы сынақ түрінде 800 гектарлық аумақ суландыра басталды. «Ертіс» ЖШС-і алғашқылардың бірі болып бұрын мал бағылған жерді игеріп, бес бірдеу жаңбырлатып суару машинасын іске қосқан. 

Шаруашылықтың инженер-энергетигі Евгений Молкиннің айтуынша, Қызылжара уылдық округіндегі кәсіпорын Ертіс өзенінің Қаратүн саласының маңында сорғы станциясын орнатқан. 

«Бұл жердің топырағы қүнарлы. Сорғы станциясы үш насостан құралған. Әрқайсысы тәулігіне 500 текше метр суды тартады. 800 гектарлық жерге жүгері, көпжылдық шөптер мен күнбағыстың тұқымы себілді. Жаңбырлатып суаратын құрылғылардың жұмысы автоматтандырылған. Жылдамдықты өзіміз таңдай аламыз. 10 жылдамдық режимі бар. Әр машина күніне 82 гектар жерге су шашады. Тұтынатын жанар-жағармайдың топыраққа зияны жоқ, себебі биоотын саналады», - дейді Евгений Молкин. 

Шаруашалық суармалы егін шаруашылығына бағытталған жобаның құны - 500 млн теңге. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 126 млн теңге жұмсалған. Қаржы жеті шақырымдық су құбыры, үш шақырымдық электр желісі тартылды.
Облыстық аулы шаруашылығы басқармасының маманы Дамир Елеусіздің мәліметінше, АӨК саласын дамытудың кешенді жоспары аясында алдағы үш жылда суармалы аумақтар 210 мың гектарға жетеді. 

«Суармалы массивтердің басым бөлігі Павлодар ауданы, Ақсу қаласының ауылдық аймағы, Железин және Успен аудандарына тиесілі. 2022 жылға дейінгі кешенді жоспары негізінде алқаптардың аумағы 4,6 есе артады. Үстіміздегі жылы Қ. Сәтбаев атындағы арна мен Ертіс өзенінің бойында тағы 30 мың гектер айналымға енгізіледі», - дейді Дамир Елеусіз. 

Ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы нысандарға қолдау көрсету мақсатында минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдардың бағасы субсидияланады. Былтыр бағдарлама бойынша 21 кәсіпорынға 165 млн теңге бөлінген. 

Өзгелердің жаңалығы