Сотқа дейінгі тергеуді цифрландыру жобасы іске асырылуда

29 Қаңтар 2020, 16:40
1249
Бөлісу:
Сотқа дейінгі тергеуді цифрландыру жобасы іске асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының аумағында қағаз форматында істерді тергеуде жеке процессуалдық шешімдерді электронды түрде енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғауды, қылмыстың жай-күйі туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету, бұрмалау фактілерін қысқартуға бағытталған.

Бүгінгі күні пилоттық жоба шеңберінде 5,5 мың шешім қабылданды, республиканың ҚСжАЕК-не пилоттық жобаны жетілдіру бойынша 46 ұсыныс жіберіліп, оның 40-ы қолдау тапты.
Облыс прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов полиция департаментінің бастығы Н.М. Мәсімовпен бірге жұмыс сапарымен Павлодар қаласының полиция бөлімі және прокуратурасына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ полиция департаменті басшылығының және жұмыс тобының барлық мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, проблемалық мәселелер талқыланды, - делінген Бас прокуратураның ақпаратында.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс прокуроры пилоттық жобаны сапалы жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.
 



Өзгелердің жаңалығы