Бас жаңалықтар
Әлеуметтік қолдаудың жаңа механизмі бойынша 4 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілді
22 Мамыр 2019, 09:13 422

Әлеуметтік қолдаудың жаңа механизмі бойынша 4 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілді

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде әлеуметтік қолдаудың жаңа механизмі бойынша 3879 аз қамтамасыз етілген отбасына көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, 17 182 адам 446,3 млн теңгенің атаулы әлеуметтік көмегіне ие болды.   

Еске салсақ, осы жылдың бірінші сәуірінен бері атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийін 50%-дан 70%-ға дейін ұлғаюы қарастырылып, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді. Сонымен қатар, көмек алушы, яғни аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін әр балаға төменгі күнкөріс деңгейінен 20 мың теңгеден астам мөлшерде кепілді көмек төленеді.   

Облыста жаңа механизм негізінде республика бюджетінен 1261, млн теңгенің қосымша қаражаты бөлінгенмен, бұл сома жыл соңына дейін жетпейді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Хелуа Қашкенованың айтуынша, салалық министрлікке 2071,0 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту ісі де оң жолға қойылған.   

«Көпбалалы аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ақсу қаласында көппәтерлі тұрғын үй сатып алынды. Оған 907,5 млн теңге бөлініп, бұл 102 отбасы пәтерлі болды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласында 13 көпбалалы отбасына жалдамалы үй бөлінді. Тағы 11 көпбалалы отбасы демеушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілді», - деді Хелуа Қашкенова.   

Көп балалалы отбасылардың тұрмысын жасқарту мақсатында Екібастұз қаласының бірнеше кәсіпорны «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2 млн теңгенің алғашқы жарнасын өтеуге тұрғын үй сертификаттары берілді.

         


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...