Бас жаңалықтар
Павлодар облысында індет жұқтырған 5 адам анықталды
30 Мамыр 2020, 11:35 146

Павлодар облысында індет жұқтырған 5 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус  инфекциясын жұқтырған жаңа  5  жағдай анықталды, олардың төртеуі - Екібастұз қаласында, біреуі - Павлодарда.


COVID-19  Екібастұз қаласының 1971 ж.т. әйел адам мен 2007  ж.т. қыз балада анықталды. Тексеріс бұған дейін жақын қатынастағыда жұқтыру фактісі  анықталғанына орай жүргізілді. Сондай-ақ Екібастұз қаласының 1935 ж.т. және  1990  ж.т. ер адамдарда және 1940 ж.т. Павлодар қаласының түрғынында анықталды. 85 жастағы қария бұған дейін жақын қатынастағыда жұқтыру фактісі  анықталғанына орай КВИ-ге тексерілді. Екінші ер адам дене қызуының көтеріліп, өзін нашар сезінгеніне байланысты медициналық көмекке өздігінен жүгінген. ПТР- тексеруде  КВИ анықталды. 80 жастағы  павлодарлық жоспарлы госпитальдануына орай облыстық кардиорталықта тексерістен өткен. 28 мамырда  COVID-19 тексеріс оң нәтижесін берді, - делінген хабарламада. 

Пациенттер Екібастұз және Павлодар  қалаларының инфекциялық стационарларына жатқызылды. 

Тұрғылықты және жұмыс орындары бойынша  байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.

ҰСО филиалы мамандарының күшімен  ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні , 29  мамырдағы жағдай бойынша   Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 202  факті тіркелген.


Фото: дереккөз
Загрузка...