Бас жаңалықтар
Павлодар облысында электр станцияларының қалдықтарынан шикізат жасалып жатыр
25 Маусым 2021, 15:40 474

Павлодар облысында электр станцияларының қалдықтарынан шикізат жасалып жатыр

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы зауыт электр станцияларының күл үйінділерінен бір жылда 12 мың тонна микросфера шығарады.

Заманауи өндіріс ошағы «Павлодар» арнайы экономикалық аумағында орналасқан. Бүгінде алюмин силикатты микросфера Германия мен Ұлыбританияда жоғары сұранысқа ие. Күл үйінділері Ақсу электр станцияларынан әкелінеді. Кәсіпорынмен 10 жылдық мерзімге келісімшарт жасалған.

Кәсіпорын директоры Абай Қайыржановтың айтуынша, микросфера-фракциялары мұнай-газ, мұнай-кен орындарын қазу барысында қолданылатын өнім. Сонымен қатар ғарыштық массалар мен химиялық бояулар өндірісінде қолданылады.

Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылған. Зауыт құрылысы былтыр аяқталып, микросфераны сынақ режимінде өндіре бастадық. Бірнеше аптадан кейін кәсіпорынның ресми ашылуы өткізілмек. Технология бойынша күлдің жеңіл фракциясы қайта өңделеді. Яғни қолданылған көмірдің күлі осында әкелінеді. Кейін тазартылып, кептіріледі. Бірнеше фракцияларға бөлініп, қапталады. Өнімді Ұлыбританияға, Германияға жөнелтеміз. Алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне де экспорттаймыз. Бүгінгі күні 400 тонналық өнімді тасымалдау бойынша келісімшартқа қол қойдық. Сәйкестік сертификатын алған соң, келісімшарттық міндеттемелерімізді орындауға кірісеміз, - дейді Абай Қайыржанов.

Зауыттың бірінші кезегін салуға 2,3 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылған. 2022 жылы екінші кезек салынады деп күтілуде. Бұған шамамен 3 млрд теңге бөлу қарастырылған. Екінші желіде кептірілген және сұрыпталған микросфера ғана емес, мұнай кен орындарын қазуда қолданылатын қоспалар өндіріледі. Яғни әр кен орны үшін тапсырыс бойынша қоспалар әзірленеді. Бұл - бірегей технология.

Жоғары технологиялығы бойынша бұл - жалғыз кәсіпорын. Желі толық автоматтандырылған. Өндіріске 31 адам тартылған. Мамандардың орташа жалақысы 380 мың теңгені құрайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...