Павлодар облысында ең үздік ауыл әкімі анықталды

1 Тамыз 2020, 19:07
2670
Бөлісу:
Павлодар облысында ең үздік ауыл әкімі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқау жеңімпазы республикалық кезеңге қатысатын болады. 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәлімдеуінше, үздіктерді анықтау отырысы онлайн режимде өткен.

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, облыстық байқау комиссияның пікірінше, Павлодар облысынан "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауының екінші кезеңіне Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкімі Азамат Медетов қатысатын болады.

Республиканың барлық өңірінде ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосатын жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу мақсатында 25 мамырдан 15 маусымға дейін қатысушылардың, атап айтқанда ауылдық округ әкімдерінің құжаттарын қабылдау өткізілді. Облыс бойынша республикалық байқауға қатысуға 15 ауылдық округ әкімдері құжаттарын ұсынды, - деді департаментте.

Өңірлік комиссияның шешімімен бірінші кезеңнің барлық қатысушысының ішінен республикалық кезеңге Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсылықұлы Медетов ұсынылды.

Азамат Жақсылықұлы – 1975 жылы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінде дүниеге келген. Еңбек жолын өзі оқыған мектебінде мұғалім болып бастады. Сол мектепте директорға дейін еңбек жолын өтті. 2011 жылы мемлекеттік қызметке Жалаулы ауылдық округінің әкімі лауазымына түсіп, осы уақытқа дейін жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы