Павлодар облысында демалыс орындары ашылады

13 Тамыз 2020, 20:52
3112
Бөлісу:
Павлодар облысында демалыс орындары ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында да  екі айдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген демалыс үйлері ашылады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады. 

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы ертең күшіне енеді. Шипажайлар мен курорттық нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтаулары шарт. Құжатқа сәйкес, бетперде режимі де қатаң сақталады. Сонымен қатар, туристік базалардың жанындағы жағажайларда демалуға рұқсат. 

Кешкі сағат 20:00-ге дейін суға түсуге болады. Карантин режимін жеңілдету аясында мониторингтік топтар екі ай бойы бақылау жүргізеді. 

Айта кетейік, Баянауыл курорттық аймағында 50-ден астам демалыс үйі бар.



Өзгелердің жаңалығы