Павлодар облысында бірнеше үйдің шөбі өртеніп кетті
3 Мамыр, 06:29 465

Павлодар облысында бірнеше үйдің шөбі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында бірнеше үйдің шөбі мен қорасы өртенді. Өрт оқиғалары Ақсау аудандық округінде болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

1 мамыр күні сағат 18:11-де Еңбек ауылында Хамиев көшесіндегі үйдің екі қорасы өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Хамиев көшесі, 5/1 үйдің 10 шаршы метр аумақта шөбі, 5/2 үйдің моншасы, қорасы мен шөбі 60 шаршы метрде, 6/1 үйдің шөбі 80 шаршы метрде, 9/2 үйдің қорасы мен шөбі 40 шаршы метрде, 10 үйдің қорасы мен шөбі өртеніп жатты.

Өрт сағат 19.53-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


Фото: дереккөз
Загрузка...