Павлодар облысында бір жылда баға қалай өзгерді

9 Қаңтар 2019, 14:26
1498
Бөлісу:
Павлодар облысында бір жылда баға қалай өзгерді

Астана, baq.kz. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда азық-түлік тауарлары бойынша қант бағасы – 23,9%, жұмыртқа – 11,1%, май және тоң май – 8,6%, сүт өнімдері – 8,3%, етке (ет өнімдерін қоса алғанда) – 7,1%-ға өсті. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша статистика департаменті мәлімдеді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Сондай-ақ департаменттің мәлімдеуінше, нан өнімдері мен жармаға – 4,9, алкогольдік сусындарға – 3,6 пайызға бағаның өсуі байқалды. Бұл ретте жеміс пен көкөніске баға 4,5 пайызға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында қатты отынға – 24,6%-ға, фармацевтикалық өнімдерге – 9%-ға, жуғыш және тазалағыш заттарға – 8,6%-ға, тұрмыстық аспаптарға – 6,6%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 6,1%-ға, киім мен аяқ киімге – 5,7%-ға, жанар-жағар май материалдарына 2%-ға бағаның өсуі көрінді.

Ақылы қызметтер бойынша білім беру қызметтеріне – 9,5%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне – 6,3%-ға, амбулаториялық қызметтерге – 4,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 4,8%-ға, көлік қызметтеріне 3,4%-ға баға өсуі байқалды.

«Павлодар облысы бойынша 2018 жылы тұтыну бағаларының индексі – 105,4%-ды, азық-түлік тауарларына – 105%-ды, азық-түлік емес тауарларға – 106,2%-ды, ақылы қызметтерге – 105,1%-ды құрады», - делінген департамент хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы