Павлодар облысында ауруханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған

25 Маусым 2020, 01:32
990
Бөлісу:
Павлодар облысында ауруханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Павлодар №1 қалалық ауруханасында қосымша 200 орын дайындалуда. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмаилов мәлім етті.


Қазіргі уақытта ауруханадағы бос орындар азайды. Өйткені ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандар саны артуда. Тек кешегі күннің өзінде 305 науқас ауруханаға түсті. Бүгінде аталған санаттағы 956 науқас ауруханада жатыр. Өңірімізде уақытша қарау орындарының саны 1 мыңнан асады. Қазіргі уақытта уақытша қарау орындары 98,9 пайызға, инфекциялық госпитальдар 77,3 пайызға толған, - деді Біржан Досмаилов.
Бұдан бұрын облыс әкімі науқастар жататын орынды көбейту жөнінде тапсырма берген. 
Пандемия басталған сәтте облыс орталығындағы қалалық №3 аурухана уақытша қарау мекемесі етіп жасалып, 385 орын ашылды. Сондай-ақ кардио орталықтың ғимаратында 135 орын ашылды. Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 282 орын дайындалды. Бүгін қалалық №1 ауруханада қосымша 200 уақытша қарау орны әзірленді, - деді Б. Досмаилов.

Өзгелердің жаңалығы