Павлодар облысында 73 166 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

2 Тамыз 2020, 10:16
1367
Бөлісу:
Павлодар облысында 73 166 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде жыл басынан бері 73 166 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.Бұл туралы обылстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары 73 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген. Тәртіп бұзушыларға 598 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 19 599 тұрғынға ескерту жасалды. 2 489 бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 49 029-дан астам адамға айыппұл салынды, - деді баспасөз қызметінде.

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, шамамен 4 589 тәртіп бұзушы – спирттік сусындарды "ұнататындар" немесе қоғамдық орындарда мас болған (ҚР ӘҚБК 440-бабы).

Ал, 4735 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзған (ҚР ӘҚБК 505-бабы).

Сағат 23:00-ден кейін шу шығарып, қатты музыка тыңдағысы келетіндер де көп – тыныштықты бұзудың 1813 фактісі тіркелген (ҚР ӘҚБК 437-бабы).

Сондай-ақ тұрғындар тағы да басқа әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады:

- белгіленбеген жерлерде темекі шегу – 1796 (ҚР ӘҚБК 441-бабы);
- иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу – 2420 (ҚР ӘҚБК 408-бабы);
- отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер – 1755 (ҚР ӘҚБК 73-бабы).
- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерісіз болуы – 1533 факт (ҚР ӘҚБК 442-бабы);
- мас күйінде көлік құралын басқарғаны – 678 (ҚР ӘҚБК 608-бабы).
Өзгелердің жаңалығы