Павлодар облысында 6 тонна сұлы жанып кетті

5 Желтоқсан 2019, 20:04
3826
Бөлісу:
Павлодар облысында 6 тонна сұлы жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Богодаровка ауылында Школьная көшесінде өрт шықты.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

№ 7 өрт сөндіру бөлімінен 15 шақырым қашықтықта жеке тұрған шаруашылық алаңында ағаш құрылымдар мен шифр төбе жанып, 32 шаршы метрі құлап түскен. Ол жерде 6 тонна сұлы болған. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнына 5 адам мен бір техника шықты, - дейді департаменттегілер.

Сондай-ақ, Ертіс ауданының Ертіс ауылында Гагарин көшесінде көмір қоймасында тұрған ағаш құрылымдар мен 25 шаршы метр қабырға жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды. 

Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы