Павлодар облысында 3 қала, 9 аудан «қызыл аймақта» тұр

23 Қаңтар 2021, 14:20
1146
Бөлісу:
Павлодар облысында 3 қала, 9 аудан «қызыл аймақта» тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында «қызыл аймаққа» кірген аудандар ерекше бақылауға алынады. Бұл туралы COVID-19-ға қарсы өткен іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың талқыланды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың өңірлік матрицасына сәйкес, Павлодар облысының үш қаласы мен тоғыз ауданы «қызыл аймақта», Баянауыл ауданы «сары аймақта» тұр. 21 қаңтарда өңірде коронавирус инфекциясы бойынша 235 адам тіркелді. Тәулік сайынғы өсім - 2,13%. 

Ахуалды түзету үшін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов санэпидрежимнің сақталуын бақылау мен облыс тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Қыста адамдар көбіне үйде болады да, бір-бірін қонаққа шақырады, әсіресе ауылдық жерлерде. Тойлар өткізу әлі тоқтаған жоқ. Осыдан кейін біз аурудың тағы бір толқынына ұшырауымыз мүмкін. Егер белгілі бір ауданды немесе ауылды жабу қажет болса, жабыңыздар. Бастысы, тұрғындарға қабылданып жатқан шектеу шараларын және олардың қажеттілігін түсіндіріңіздер, - деді Әбілқайыр Сқақов. 

Өңір басшысы мониторингтік топтар рейд жүргізуді күшейтуді, санитарлық дәрігердің нұсқауын елемейтін, адамдардың көп жинайтын орындарды анықтап, тексеруді тапсырды. Сонымен қатар, мониторингтік топтар анықталған тәртіп бұзушылықтар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының базасындағы үйлестіру орталығына эпидемиологиялық хабарлама жіберіп отыратын болады. Павлодар облысында қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау да бақылауға алынды. Соңғы уақытта еңбек ұжымдарында коронавирус жұқтыру жағдайлары жиілеп барады.

Өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды біреуге сілтегенді доғару керектігін ескертті. Әбілқайыр Сқақов індетпен күрес – басшылар үшін басты мәселе екенін, әрі басшылардың бағасы осы жұмыстың нәтижесі бойынша берілетінін ескертті.


 


 

Өзгелердің жаңалығы