Павлодардағы жол сапасы 2025 жылға қарай жақсарады

26 Ақпан 2020, 12:30
1175
Бөлісу:
Павлодардағы жол сапасы 2025 жылға қарай жақсарады
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға жетеді деп күтілуде. Көрсеткішке қол жеткізу үшін биыл 66 жол учаскесінде, яғни 466 шақырымдық тас жолда жөндеу жұмыстарын жүргізілмек.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ринат Қойсоймасовтың мәліметінше, өңірде 5400 шақырымнан астам жол бар. Инфрақұрылымның басым бөлігін республикалық маңыздағы жолдар құрайды. 

Былтырғы жылы жол жөндеу бойынша 45 жоба жүзеге асырылды. Республикалық жолдар бойынша 14 жоба іске асырылып, 400 шақырымға жуық жол жөнделді. Ал жергілікті маңыздағы жолдарда 31 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде Тереңкөл, Ертіс, Баянауыл және Железин аудандарында ауыл жолдары жөнделді, - дейді Ринат Қойсоймасов. 
Осы жылы жергілікті маңыздағы және ауал көшелеріндегі жол учаскелерінің 405 шақырымында орташа жөндеуді аяқта ужоспарлауда. Ал "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша 53 шақырымдық ауылішілік жол жөнделеді деп күтілуде. 

2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85%-ға жетеді. Ал 2025 жылға дейін жергілікті қолданыстағы жолдардың 576 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кетейік, облыс тұрғындары жол сапасына жауапты мамандарға шағымдана алады. Жөндеу жұмыстарының сапасын "Сапалы жол - адалдық алаңы" жобалық кеңесесінің мамандары қатаң қадағалайды. Өткен жылы мамандар жергілікті және республикалық маңыздағы жолдарда 431 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 308 сынама алынып, олардың 71-сі стандарттарға сай болмай шықты.

Өзгелердің жаңалығы