Павлодар облысында 200 адам ұсақ бұзақылығы үшін айыппұл төлейді

18 Наурыз 2021, 04:24
1634
Бөлісу:
Павлодар облысында 200 адам ұсақ бұзақылығы үшін айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының полицейлері 12-18 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында үш мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 200-ге жуық адамға айыппұл салынды. Мәселен, полицейлерге Н.Назарбаев даңғылындағы үйдің ауласында жанжал шығарған көршісіне қатысты қала тұрғыны шағымданған. 37 жастағы ер адам көршісіне тіл тигізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Тағы бір құқық бұзушы  Бектұров көшесіндегі үйдің кіреберісінде темекі шегіп, темекі тұқылын еденге лақтырған. Осылайша, ол өз әрекеттерімен ортақ пайдалану орнын ластады. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, материалдар сотқа жолданды, – деді полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Құқық бұзушылықтардың жолын кесу барысында полиция қызметкерлері көшеде және қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 772 адамды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды.

386 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мысалы, Павлодар қаласы Сұрағанов көшесіндегі дүкендердің бірінде спирттік ішімдікті ұнататын 52 жастағы адам ұсталды. Ол бір жыл ішінде екі рет қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тағы да осындай құқық бұзушылық жасады. Аталған факт бойынша ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы