Павлодар облысында 20 тұрғын жалған дипломмен жұмыс істеген

22 Қыркүйек 2020, 00:44
1758
Бөлісу:
Павлодар облысында 20 тұрғын жалған дипломмен жұмыс істеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

20 тұрғын жалған дипломпен жұмыс істеген. Яғни бір қыз интернеттегі сайттардың бірінде дипломға тапсырыс берген. Ол жалған диплом үшін 300 мың теңге төлеген. Ал тағы бір павлодарлық диплом үшін 100 мың теңге жұмсаған, - делінген хабарламада.

Жалған диплом иелерінің тұрақты жұмысы болған. Алайда полиция олардың қайда жұмыс істейтінін, дипломды қандай университеттен сатып алғанын хабарлаған жоқ.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жалған құжат жасаудың 68 дерегі тіркелген.

Айта кетейік, 2019 жылдың сәуірінде облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары жалған дипломмен жұмыс істеген 6 мемлекеттік қызметкерді анықтаған.


Өзгелердің жаңалығы