Павлодарда қараусыз жүрген 150 бас жылқының иесі жауапқа тартылды

11 Қыркүйек 2021, 20:09
2281
Бөлісу:
Павлодарда қараусыз жүрген 150 бас жылқының иесі жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір табын жылқы қараусыз жайылып жүрген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Успен ауданының полиция қызметкерлері иесіз жайылып жүрген малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында рейдтер жүргізеді. Тәртіп сақшылары Успен ауылының маңындағы алқапта 150 бас жылқының иесіз жайылып жүргенін анықтады. Жылқылар айып тұрағына қамалып, иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабы, 147-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

Бұдан бөлек 10 қыркүйекте Успен ауданы Қозыкеткен ауылының маңында полицейлер қараусыз жайылып жүрген 25 бас ұсақ малды анықтады. Жануарлар айып тұрағына айдалып, иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетерлігі, аудан аумағында иесіз жайылып жүрген малға арналған 12 қора бар. Ол жерлерге биылғы жылдың басынан бастап 500-ден астам бас қамалып, 60 иесі жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы