Павлодар облысында 13 тонна шөп жанып кетті

24 Қыркүйек 2019, 13:25
1751
Бөлісу:
Павлодар облысында 13 тонна шөп жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәуліктерде орын алған өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлады pavlodarnews.kz облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ертіс ауданының Ынтымақ ауылында Абылайхан көшесінде 8 тонна жаңадан шабылған шөп жанып кетті. Шаруашылық ауласы № 9 өрт сөндіру бөлімінен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Сондай-ақ, өрт жеке тұрған көмір қоймасына ұласып, 20 шаршы метр төбесі құлап түскен. Тілсіз жау сағат 3.15-те сөндірілді. Оқиға орнында 7 адам мен 2 техника жұмыс істеді", - дейді департаментте.

Бұдан бөлек, сағат 23.36-да Железин ауданының Прииртышск ауылында өрт тіркелді. №16 өрт сөндіру бөлімінен 24 шақырым қашықтықта орналасқан шаруашылық алаңында 45 шаршы метр аумақта жаңадан шабылған 5 тонна шөп жанған. От жеке тұрған ағаш құрылысты да шарпып өткен. Оқиға орын алған жерден сыйымдылығы 27 литрлік 5 газ баллоны мен 20 литрлік бензин құйылған екі канистр сыртқа шығарылды. №16 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна жұмылдырылып, сағат 4.07-де толығымен сөндірілді.
Өзгелердің жаңалығы