Павлодар облысында 11 мыңнан астам адамда қару бар

19 Қыркүйек 2020, 02:40
1794
Бөлісу:
Павлодар облысында 11 мыңнан астам адамда қару бар

Нұр-Сұлтан, BAQ. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ұрлауға жол бермеу фактілерін анықтау, сондай-ақ қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу.
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Май ауданының полицейлері ауыл тұрғындарынан тіркеу нөмірі жоқ POLICE маркалы шам түріндегі электрошокерді тәркіледі. Сол күні Ақсу қаласының тұрғынының «УАЗ» автокөлігін тексеру кезінде автокөлік салонында ІІО тіркелмеген «ОСА-1101» маркалы электрошокер түріндегі шам табылды. Аталған фактілер бойынша сараптама тағайындалды. Азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді баспасөз қызметінде. 

Сондай-ақ, полицейлер облыс аумағында тұратын барлық қару иелерін тексереді. Бұл - 11 мыңнан астам адам. Олардың пайдалануында 14 мыңға жуық қару бар.

Көбінесе қару иелері қандай да бір себептермен заң алдында жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді деп сеніп, қаруды тіркегісі келмейді. Тіркелген қарудың иелері атыс қаруын сақтау ережелерін сақтамайтын жағдайлар жиі кездеседі. Іс-шара кезеңінде біз осындай тұлғалармен жұмыс жүргіземіз. Оларға жауапкершілік туралы ескертеміз. Сейфтердің болуын, рұқсат беру құжаттарының сәйкестігін тексереміз, – деп атап өтті облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
«Қару» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні тәртіп сақшылары 72 қару иесінің заң бұзғанын анықтады. 54 қару иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 484-бабы бойынша, 18 қару иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 486-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
Мысалы, қару иелерін тексеру кезінде азаматтық қаруды сақтау және тіркеу, қайта тіркеу ережесі сақталмаған. Енді оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Азаматтық және қызметтік қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 18 қару иесіне жаза қолданылады және 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді - деді Жасқайрат Қайыров.

 


Өзгелердің жаңалығы