Павлодар облысында Құрбан айт кезеңінде 11 бекет қойылды

31 Шілде 2020, 17:48
1038
Бөлісу:
Павлодар облысында Құрбан айт кезеңінде 11 бекет қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жануарларды заңсыз әкелу және әкету фактілерін болдырмау мақсатында Құрбан айт мерекесі кезінде Павлодар облысының қалалары аумағында автожолдарды жабусыз 11 мобильді бекет қойылды.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметiнің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында - 5, Екібастұзда - 3, Ақсуда - 3 бекет орнатылған.

Бұдан басқа, құрбандық шалу ережелерін сақтамау фактілерінің жолын кесу мақсатында полиция және ветеринария қызметкерлері енген жұмыс топтары құрылды. Олар рұқсатсыз жұмыс iстеген цехтарды, сондай-ақ құрбандық шалу рәсімін өткізу орындарын тексеруді жүзеге асырады, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, құрбандық шалу ережелерін сақтамау анықталған жағдайда, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы баптың санкциясы 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Жоғарыда көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, атап айтқанда, құрбандық шалу ережелерін сақтамаған жағдайда, кінәлі тұлғалар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады және ҚР ӘҚБК 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы