Павлодар облысынан Қазақстанның және ТМД елдерінің іздеуіндегі 16 қылмыскер табылды

19 Қыркүйек 2020, 06:25
987
Бөлісу:
Павлодар облысынан Қазақстанның және ТМД елдерінің іздеуіндегі 16 қылмыскер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның тұрғылықты жері анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық ПД мәлімдеуінше, 16-17 қыркүйек аралығында Павлодар өңірінің аумағында республикадан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған «Іздестіру» іс-шарасы өткізілген.

Нәтижесінде 16 қылмыскер іздестіріліп табылды. Олардың ішінде 8 қылмыскер өткен жылдар бойынша, 9 қылмыскер ТМД елдері үшін анықталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың мекенжайы анықталды. Мәселен, Тереңкөл ауылында есірткі заттарын заңсыз өндіргені, таратып, өткізгені үшін іздестіріліп жатқан Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматы ұсталды. Ол ата-анасының үйінде жасырынған. Оған қоса, Аққулы ауданының Қорт ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 жастағы іздестіріліп жатқан қылмыскер ұсталды, - деді баспасөз қызметінде.
Департаменттің хабарлауынша, Павлодар қаласында Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматшасының мекенжайы анықталған.
Ол 2018 жылы 8 мамырда Ресей Федерациясының Новосибирск облысы, Орда ауданы, Верх-Ирмен ауылы мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз болған. Әйел адамды анасы іздестірген. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында азаматтық жұбайымен тұрып жатқаны белгілі болды, - деді департаментте.
 
Өзгелердің жаңалығы