Бас жаңалықтар
Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды
21 Қаңтар 2020, 08:03 605

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының тізгіні Әбілқайыр Сқақовқа берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. 

Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат таратыла бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Бақауов қамауға алынды ма?" деген сауалға жауап беруге дайын емес екендігін хабарлаған болатынбыз.

Жалпы Болат Бақауов лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ол талапқа сай келмейтін нысанды қымбат бағаға сатып алған. Сөйтіп Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Мұндай шешімді Павлодардың мамандандырылған тергеу соты қабылдады.

Оның орнына - Павлодар облысы әкімінің қызметіне Әбілқайыр Сқақов тағайындалды.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін ("Master of Business Administration" іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі, 2017 жыл) аяқтаған. 

Еңбек өтілі: 

- 1995 жылдан 2005 жылға дейін - Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары; 

- 2005-2006 жылдары - Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы; 

- 2006-2008 жылдары - Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша); 

- 2008-2010 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы; 

- 2010-2012 жылдары - Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы; 

- 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары; 

- 2014 жылдан 2016 жылға дейін - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы; 

- 2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс нмиистрінің орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

- 2019 жылдың сәуірінен соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "Ерең еңбегі үшін" (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...