Павлодар облысына асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді

27 Мамыр 2019, 12:41
1986
Бөлісу:
Павлодар облысына асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс ауданына қарасты Амангелді аулына Ресей Федерациясының Брянск облысынан 312 бас ангус тұқымды ірі қара мал жеткізілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің берген ақпаратынша, жергілікті «Олжас» шаруа қожалығының басшысы Асан Сапарғалиев асыл тұқымды сиырларды «Сыбаға» бағдарламасы арқылы сатып алды.

"2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы 70 миллион теңге несие берілді. Бұл қаражатқа 112 бас ангус сатып алынды. Биыл «Агронесиелендіру корпорациясы» АҚ 150 миллион теңгелік несие алып, оған 200 бас асыл тұқымды мал сатып алдық. Міне, өткен аптада барлық 312 бас ірі қара мал Брянск облысынан Амангелді ауылына келіп жетті. Ірі қара малдың аталған тұқымы біздің өңірдің климатына жақсы бейімделген. Сиырлар -40 пен +40 градус аралығындағы ауа-райына шыдайды. Өте жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Ангус сиырларының еті үлкен сұранысқа ие", - дейді Асан Сапарғалиев.

Шаруашылықтың егістік көлемі де 3000 гектардан асады.
Өзгелердің жаңалығы