Павлодар облысында сайлау жоғары деңгейде өтті – ТМД миссиясының байқаушылары

10 Маусым 2019, 16:49
2426
Бөлісу:
Павлодар облысында сайлау жоғары деңгейде өтті – ТМД миссиясының байқаушылары

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ресейдің Носовсібір облысынан келген ТМД миссиясының байқаушылары Ертіс өңірінде өткен сайлау науқанына жоғары бағасын берді.

Бұл туралы ТМД миссиясының өкілі Ольга Благо хабарлады. Еске салсақ, новосібірлік байқаушылар сайлау науқанына халықаралық деңгейде байқау жүргізді.

«Бізді делегация облыста жұма күні келіп, сайлау барысы бастан-аяқ назарымызда болды. Сол күні учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесіп, дайындық барысын пысықтадық. аймақтағы 65 сайлау учаскесінде болдық. Әріптестерім Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары, сонымен қатар, жақын маңдағы ауылдардағы учаскелерде қызмет атқарды. Дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтқым келеді», - дейді ол.

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелерінің мүгедектерге арналған құрал-жабдықренмен жарақталғанын да тілге тиек етті.

«Барлық учаске мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз дауыс беруге жағдай жасады. Арнайы кабинада үлкеткш құралдар, сайлау туралы ақпараттар, көзі нашар көретін азаматтар үшін Брайль қарпімен жазылған мағлұматтар болды. Бұл сайлау біз үшін үлкен тәжірибеге арналды. Қазақстаннна үйренеріміз көп», - дейді Ольга Благо.

Айта кетейік, кеше Ертіс өңірінде 543 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 500 мыңнан астам саылаушы тіркелсе, олардың 73,1%-ы дауыс берген.

Өзгелердің жаңалығы