Павлодар облысы Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 550 тонна өнім әкелді

9 Қазан 2021, 14:31
6962
Бөлісу:
Павлодар облысы Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 550 тонна өнім әкелді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Осы демалыс күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы 550 тонна өз өнімін ұсынды. Мұндағы баға нарық құнынан 10-15%-ға төмен, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Павлодар облысы ылғи да көкөнісімен, етімен танымал болған. Елорда тұрғындарына қажетті азық-түлік осы демалыс күндері таңғы 9-дан 18:00-ге дейін сатылады. 

Біз 550 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкелдік. Негізінен бұл картоп, сәбіз, ет және т.б, – деді Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Павлодар облысы Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 550 тонна өнім әкелді

Павлодар облысы тауар әкеліп қана қоймай, қазақ даласында танымал болған жәрмеңкелер жайлы тарихтан сыр шертті. Арнайы стенд ұйымдастырылды, онда талантты өнерпаздар өз өнерін ортаға салды, күмбірлеген күй орындалып, жәрмеңкелердің дәстүрі мен тарихы туралы айтты.

Павлодар картобымен танымал. Ассортименттің үлкен тобы – көкөніс тобы. Сондай-ақ, облыс бакалея, ет-сүт өнімдерін әкелді. Жәрмеңке барысында 3 мың тоннаға жуық өнім сатылды. Республиканың барлық өңірінен 420-дан астам кәсіпкер қатысты, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Руслан Ыдырысов.

Мұндай жәрмеңкелер қала тұрғындары үшін тауарларды қолайлы бағамен сатып алуға тамаша мүмкіндік береді.

Павлодар облысы Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 550 тонна өнім әкелді

Жәрмеңкеде санитарлық нормалар толықтай сақталған. Ыңғайлы болу үшін мұнда қозғалыс бағыты да көрсетілген, әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған белгілер де жоқ емес, ал турникеттерде қол гигиенасына арналған санитайзерлер орнатылған. Сондай-ақ, келушілерге карантиндік шараларды, оның ішінде маска режимін сақтауды еске салатын баннерлер бар.

Елордада биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін көкөністер мен жемістердің пісу уақытына сай 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.


Өзгелердің жаңалығы