Бас жаңалықтар
Павлодар облысында төрт жылда алғаш рет қызылшаның белгілері тіркелді
18 Ақпан 2019, 17:49 636

Павлодар облысында төрт жылда алғаш рет қызылшаның белгілері тіркелді

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде соңғы төрт жылда қызылшаның бірде бір оқиғасы тіркелмеген. Эпидемиологиялық маусымда ауру белгілері бар 78 оқиға тіркеліп, зертханалық тексерулер нәтижесінде 34 оқиға расталды. Дертке шалдыққандардың барлығы - балалар. 

Мамандардың айтуынша, қызылша дерті облыста соңғы рет 2015 жылы тіркелген. Бүгінде балалардың басым бөлігі емделіп, үйлеріне оралуға дайындалуда. 

Облыстық балалар аураханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлсара Тампишеваның айтуынша, Аурулардың түрі күрделі емес. 

«Облыстық аурухананың инфекциялық стационары 160 төсекке шақталған. Эпидемиологиялық кезеңде стационардың жүктемесі ауысымына 215 пациентке жетеді. Ол үшін қосымша төсектер дайныдалып, диагностикалық палаталар жасақталады. Біз маусымға толық дайынбыз. Бүгінде емханалық қызметті ңжұмыс уақытты 20.00-ге дейін ұзартылды. Қызылшаға келетін болсақ, бұл инфекцияна жұқтырған балалар үшін 40 төсекке арналған арнайы бокс бар», - дейді Гүлсара Тампишева. 

Мамандардың айтуынша, олардың басым бөлігі екі реттік вакцинациядан өтпеген. 

Инфекциялық стационар директорының міндетін атқарушы Зере Садақованың айтуынша, дертк ешалдыққан балалардың 70%-ы екпе алмаған. 

«Балалар бір жасқа дейін екпе алу керек. Ауруханаға түскендер жоспарлы екпеден бас тартқандар. Қазіргі уақытта жағдайлары тұрақты», - дейді Зере Садақова. 

Мамандардың мәліметінше, облыстық балалар ауруханасына бір айда 800-ге жуық бала түссе, олардың 70%-і ЖРВИ-ға қатысты. Осы жылдың қаңтар айында 28 бала тұмауға шалдыққан. 

Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

Загрузка...

Сізден жаңалық