Павлодарлық металлургтер бір адамдай сайлауға келіп, таңдау жасады

9 Маусым 2019, 13:29
2193
Бөлісу:
Павлодарлық металлургтер бір адамдай сайлауға келіп, таңдау жасады
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ. Еліміздің индустриялық орталығы - Ертіс өңірінің тұрғындары кезектен тыс президент сайлауында белсенділік танытты. Сайлау учаскелеріне елден бұрын келіп, азаматтық парызын орындағандардың қатарында жас металлургтер де бар.

Белсенділік танытқан жұмысшылардың дені - Қазақстан электролиз және алюминий зауытының қызметкерлері.  

Қазақстан электролиз зауыты - елімізде бастапқы алюминий шығаратын жалғыз кәсіпорын. Қазіргі уақытта павлодарлық компания әлемдегі қанатты металл өндіретін 200 алпауыттың үздік ондығына кіреді. Бір жылдың ішінде 250 мы ңтонна сапалы алюминий шығарылады. Өнімнің басым бөлігі сыртқы нарыққа, яғни, Ресей, Белорусь, Украина, Өзбекстан және Еуропа елдеріне тасымалданады.

Қазіргі таңда өндіріс ошағында 2500-ден астам маман жұмыс істесе, олардың 60%-дан астамы - жастар қатарынан. Солардың бірі - Әділет Адақ.

«Бірінші рет дауыс беріп отырмын. Сәл қобалжу да байқалады. Өзім еліміздің болашағы үшін алаңдаймын. Сондықтан, сайлауға жауапкершілікпен қарап, таңдауымды жасадым. менің ойымша, бүгін замандастарымның барлығы белсенділік танытып жатыр», - дейді Әділет Адақ.

Бүгін облыс орталығындағы сайлау учаскелерінде мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, 24 учаскеде ашылған сауда нүктелеріндегі азық-түлік 25%-дық жеңілдікпен сатылды. Ал қоғамдық көлікте жүру күні бойы тегін болады.

Еске салсақ, бүгін аймақта 543 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Халықаралық ұйымдар тарапынан 24 байқаушы тиісті қызметтерін атқаруда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта тізімдегі саылаушылардың 35%-ы таңда ужасап үлгерді. 
Өзгелердің жаңалығы