Павлодар мен Қарағанды облыстарында дала өрті болып жатыр

19 Маусым 2021, 00:23
4235
Бөлісу:
Павлодар мен Қарағанды облыстарында дала өрті болып жатыр
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының Баянауыл, Құмдыкөл, Жаңажол, Сәтбаев, Қызылтау өңірлерінде және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты бірнеше ауылдың жайылым жері өртеніп жатыр.

ортт.jpg

Қазіргі таңда аталған өңірлердің өрт сөндіру қызметі, ауыл азаматтары түгелдей өртпен күресіп жүр.

Әзірге өрт қанша шаршы метр жерді алғаны белгісіз. Бізге белгілісі өрттің найзағай түсуден тұтанғаны. Жеке шаруа иелері де өрт сөндіруге күш салып жатыр. Әзірге Баянауыл Ұлттық табиғи парк аумағына кіре қойған жоқ, – дейді Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының әкімі Қуаныш Шалбаев.

ак.jpg

Биылғы жылы еліміздің біраз өңірінде қуаңшылық орын алды. Бұл да дала өртінің тұтануына себеп болып отыр.

Ертең ауыл тұрғындары Алладан жаңбыр тілеп тасаттық беруді қолға алып жатыр. Жайылым күйіп, жер қурап барады, халықтың ақырғы амалы осы тасаттыққа тіреліп отыр, – дейді ауыл әкімі.

Біз де сапар барысында жүріп өткен жол бойында жылда саз боп, бұлақ ағып жатар алқаптардың шаңы шығып, шөбі қурап жатқанына куә болдық.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін жалғасатын салт аттылар экспедиция мүшелері Жаңатілек ауылында дала өрті болып жатқаны туралы естідік. Қарапайым халық үшін дала өртінің зардабы аса қымбат болары анық.

орррр.jpg

Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұған дейін Павлодардағы «Ертіс орманы» өртенгендігін хабарлағанбыз.


Өзгелердің жаңалығы