Павлодар мұнай-химия зауыты авиациялық керосин өндіретін болды

22 Тамыз 2019, 13:50
1500
Бөлісу:
Павлодар мұнай-химия зауыты авиациялық керосин өндіретін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар мұнай-химия зауыты ASTM D 1655 стандарты бойынша Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жаңа өнімнің өндірісі зауытты технологиялық жаңғырту шеңберінде іске қосылды. Бұдан басқа, сұйытылған көмірсутегі газдарын күкіртсіздендіруді қамтамасыз ету және сутегі өндіретін модульдік қондырғыны іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ зауыт мұнай өнімдерін нақты әрі үнемді құятын автоматтық қондырғыны, оның ішінде мұнай өнімдерінің барлық түрін жоғары дәлдікпен таразылау және жаппай шығынды өлшеу қондырғыларын орнату бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Жаңғырту барысында зауытта түбегейлі өзгерістер орын алды: қайта өңдеу тереңдігі 85% жетті, ал каталитикалық крекинг қондырғысының шикізат бойынша қуаты жылына 1350 тоннадан 1868 тоннаға дейін ұлғайды. Қазіргі кезде шығарылатын АИ-92, АИ-95 және дизельді жанармай Кеден одағының ТР ТС 013/2011 Техникалық регламентіне сәйкес Еуро-4 халықаралық экологиялық стандартына (Кеден Одағы аумағында К4 деп аталады) сәйкес келеді. Сондай-ақ, реактивті жанармайды шығару қайта қолға алынды. Осылайша, құрамында күкірт және зиянды канцерогендік заттар мөлшері төмендеу өнімнің өндірісі қамтамасыз етілген. Бұл жалпы елдің экологиялық ахуалына жағымды әсерін етеді. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша зауытта 5,3 млн тонна шикізат өңделді. Оның ішінде 1,4 млн тонна автомобиль бензині, 1,7 млн тонна дизель отыны, 77 мың тонна әуе отыны мен басқа өнімдер. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауытының технологиялық жаңғыртуы аяқталды. Оның нәтижелері елімізді К4, К5 экологиялық стандарттарға сай келетін мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 


Өзгелердің жаңалығы