Бас жаңалықтар
Павлодар қаласының сауда нүктелерінде көшпелі екпе пункттері жұмыс істейді
25 Маусым 2021, 13:38 199

Павлодар қаласының сауда нүктелерінде көшпелі екпе пункттері жұмыс істейді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде вакцина алуға ниет білдіргендердің қатары үш есеге артқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, демалыс күндері облыс орталығындағы ірі сауда орталықтарында екпе салдыруға болатын пункттер жұмыс істейді. Павлодарлықтар кешкі уақытқа дейін екпе алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Бұған дейін күн сайын 1000-нан астам тұрғын вакцина алып жүрген. Қазіргі таңда көрсеткіштер айтарлықтай артты. Мәселен, кешегі күні үш мыңнан астам павлодарлық иммундау шарасына қатысты. Халықты вакцинамен қамту мақсатында барлық жағдай жасалған. Екпе жеткілікті, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Айта кетейік, бүгінгі күні аймақ тұрғындарына вакцинаның төрт түрі қолжетімді. Өңірдегі медициналық мекемелердің жанында 100-ден астам екпе салу кабинеті жұмыс істейді. Осы күнге дейін екпенің төрт түрінің бірінші компонентін 110 мыңға жуық адам алған. Ал екінші компоненті 72 мыңнан астам халыққа салынды.

Соңғы бірнеше күн инсульт алған немесе жүріп-тұруға шамасы жоқ науқастар вакцинаны өз үйлерінде алу мүмкіндігіне ие. Бұл жұмыспен мобильді топтар айналысады. Облыс аумағында 200-ден астам дәрігер тобы жұмыс істейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...