Павлодар көшелерінде көктайғақтың алдын алу шаралары өтті

13 Ақпан 2020, 19:23
1928
Бөлісу:
Павлодар көшелерінде көктайғақтың алдын алу шаралары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында күн сайын 10-15 бригадалық топ жұмысшыларымен мұз ою, құм себу және қар тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Аялдамалар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер өтпелері мен көлік тұрақтары күн сайын тазаланады. Аталмыш жұмыстарды жүргізу үшін күн сайын қала көшелеріне 7 құм сепкіш машина, 34 тиегіш, 3 грейдер, 120 түрлі модификациялы автотүсіргі шығады. Қар тазалауға барлығы 160 адам жұмылдырылды. Жұмыс белгіленген кесте негізінде жүргізіледі. Бірінші кезекте қаланың орталық және екінші дәрежелі көшелері, саябақтар мен скверлер, сондай-ақ жеке сектор қамтылады. Бүгінгі күні екінші Павлодардың 13 көшесі және Зеленстройда қар толығымен шығарылды. Техника Радиозауыт пен МДС-та жұмысты жалғастыруда. Қарды тазалау тәулік бойы жүргізіледі, - делінген Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде. 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биылғы қысқы кезеңде 300 мың тонна қар шығарылып, 16-шы автожолдағы полигонға жеткізілді. Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы көктайғақ ауа райы кезінде тегіс табанды аяқ киім киіп, жарықтандырылған жол учаскелерінде жүруге кеңес береді. Сондай-ақ зардап шеккендердің арасында қарт адамдардың басым болуына байланысты дәрігерлер қарт адамдарды көктайғақ кезінде жалғыз жібермеуді ұсынады.

10 ақпанда Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне көктайғақтан зардап шеккен 15 адам келіп түскен. Оның ішінде бесеуі соққы алған, 10 адамда сынық анықталған. Атап айтқанда, 4 тобық, 4 білек және 2 адамның жамбас пен иықтың сынуы тіркелген.

Көктайғақтан зардап шеккендердің көбі - қарт адамдар. Келіп түскен 15 адамның тоғызы - 60-тан 80 жасқа дейінгі қарт адамдар. Ал 11 ақпанда ауруханаға 7 адам түскен. Оның төртеуі - сынық, 3-уі жарақат. Облыстық жедел жәрдем станциясында дүйсенбі күні бригада көктайғаққа байланысты екі жағдайға шыққанын хабарлады.

Бірінші жағдайда жасөспірім құлап, тасқа соғылған. Екінші жағдайда қыз бала тиым салынған жерден өтіп, тайып кеткен. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жатқызудан бас тартты. Сонымен қатар, №1 қалалық ауруханасына көктайғақ салдарынан 10 ақпанда 22 адам, 11 ақпанда 5 адам келіп түскен.  
Жарақат алғандардың жасы орташа, жұмыс істейтін және зейнет жасындағы адамдар. Олардың 50 пайызында - түрлі жарақат, 50 пайызында қол, аяқ, жамбас, қолдың сынуы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда жарақат алушылыр аз. Негізінен ақпан мен наурыз айларында яғни, жылыну басталып бірақ температураның күрт ауытқуы кезінде оқыс оқиғалар болады. Қазіргі таңда травматология бөлімшесінде күн сайын 2 дәрігер травматолог кезекшілік етеді. Мамандар мен жабдықтардың жетіспеушілігі жоқ. Емделушілер үшін барлық қажетті емдеу ұсынылады, - дйді аурухананың баспасөз хатшысы Мәдина Шапихова.



Өзгелердің жаңалығы