Бас жаңалықтар
Павлодар білім беру бөлімі басшысы ата-аналармен өзекті мәселелерді талқылады
27 Маусым 2019, 10:11 192

Павлодар білім беру бөлімі басшысы ата-аналармен өзекті мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар ата-аналар жұртшылығымен есеп беру кездесулерін өткізеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Есеп беру кездесуінде № 14 ЖОМ-да бөлім басшысы Самал Айтқазина «Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2018 - 2019 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы» баяндамасымен ата-аналар қоғамдастығының алдында баяндама жасады.

Бөлім басшысы инновациялық бағыттарды жүзеге асыру жоспарында еліміздің, біздің қаламыздың білім беру ұйымдарында цифрландыру, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, көптілділікті дамыту үшін жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны жүйелі нығайту маңызды екенін атап өтті.

«Мұндай кездесулер өз кезегінде білім беруді басқарудың демократиялық сипатын, білім беру жүйесінің халық алдындағы ашықтығын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда қаланың білім беру жүйесі жалпы контингенті 60 мыңнан астам білім алушы мен тәрбиеленуші, бес жарым мың педагогикалық қызметкер бар 133 ведомстволық бағынысты мекемелерден тұрады», - дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Қаланың білім беру жүйесі қызметінің тиімділігін облыстық рейтингтегі жоғары позиция растайды. Көрсеткіштердің қорытынды сомасы 11 пайызға (38,7 балл) қалалар мен аудандар арасында көрсеткіштердің 2 позициядан асады. 34 бағалау көрсеткіштерінің 17-і жоғары, жетеуі – екінші және төртеуі – үшінші позицияларды қамтамасыз етеді.

Ата-аналар инклюзивті білім беруді дамыту, алты жастан бастап бірінші сыныпқа баруды жоспарлап отырған балалар, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша колледждерге түсу туралы мәселелерді көтерді.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық