Бас жаңалықтар
Павлодарда ауыр қылмыс азаймай тұр
09 Сәуiр 2019, 19:34 593

Павлодарда ауыр қылмыс азаймай тұр

Павлодар, BAQ.KZ. Павлодар облыс прокуратурасының алқа отырысында 2018 жылғы азаматтарға ауыр дене жарақатын келтіру фактілер бойынша қылмыстық істерді  тергеу заңдылығының жай-күйі және оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер қарастырылды.

Алқа жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары, Полиция департаментінің бастығы, басқа да құқық қорғау және уәкілетті органдарының басшылары қатысты.

Павлодар облысының прокуроры 2018 жылы аймақта денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша тіркелген қылмыстардың саны 4,2% -ға (144-тен 150-ге дейін) өскенін атап өтті.

Бұған уәкілетті органдардың тарапынан тиісінше алдын алу жұмыстарының жоқтығы және алкоголизммен күрестің болмауы басты себептер болып табылады.

Мысалы, кісі өлтіру қылмыстарының және адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік аппатарының көбі алкогольдік мас күйде жасалады. 2018 жылы азаматтардың мас күйінде 925 қылмыс жасалды.

Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтардың 22% -ға өскені (45-тен 55-ке дейін) байқалады.

Полиция қызметкерлері тарапынан отбасындағы зорлық-зомбылық туралы арыздар бойынша заңда қарастырылған ден қою шараларын қабылдамай, іс номенклатурасына шығарылғаны анықталды.

Облыс прокуроры жұмысты қорытындылай келе, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қылмыстың алдын алуға бағытталған құқық қорғау органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан кешенді шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ қылмыстық істерді тергеудің сапасын арттыру, қылмыстық процеск қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қылмыстарды ашуда бұрмалауға жол бермеу қажеттілігіне баса назар аударылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша осы бағытта бірқатар ұсыныстар жасалды.

Сонымен қатар облыстың Полиция департаменті басышысының атына прокурорлық қадағалау актісі жолданды.

Загрузка...