"Павлодар" арнайы экономикалық аумағында 37 жоба жүзеге асырылуда

23 Наурыз 2020, 14:10
1211
Бөлісу:
"Павлодар" арнайы экономикалық аумағында 37 жоба жүзеге асырылуда
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында 37 жоба жүзеге асырылды. Бүгінде аймақтағы инвестициялық қоржында 290 млрд теңгені құрап отыр. 

Оның ішінде жалпы сомасы 75 млрд теңге болатын 12 жоба іске асырылып, өндіріс ошақтары қолданысқа берілді. Нәтижесінде 1500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. 

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтың хабарлауынша, "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы соңғы екі жыл ішінде еліміздегі тиімді инвестициялық орталыққа айналып үлгерді. 

Экономикалық аймақ тиімділігін дәлелдей білді. Мәселен, 1 бюджеттік теңгеге 10 теңгенің жеке инвестициясы салынды. Ал елге төленген салық көлемі 6,3 млрд теңгеден асты. Осы жылдың қорытындысы бойынша қосымша 3,5 млрд теңге салық түседі деп күтілуде, - дейді Сәкен Шаяхметов. 

Бүгінгі таңда аймақта 30-дан астам өнім түрі шығарылады. Павлодарлық өнім қазіргі уақытта әлемнің 10 еліне тасымалданады. Мамандардың айтуынша, 10 жоба іске асырылып жатса, тағы 8 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Нақтырақ айтқанда, қайта балқытылған алюминий, ферроқорытпалар, көмір электродтары шығарылады. Химия кластерін дамыту мақсатында жаңа бағыт - полисахарид өндірісі де іске қослымақ. 

Мәселен, "Северхим" өндірісі мұнай қалдықтарын қайта өңдеуге арналған. 1,2 млрд теңге инвестиция құйылып, жаңа зауыттың жылдық қуаттылығы 24 мың тонна өнімді құрамақ. Бүгінгі таңда технологиялық жабдықтың монтажы аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы